Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Маусым, 2016

Мұхтар-Құл-Мұхаммед: Бізге қазіргі заманның ең озық, ең инновациялық технологиялары керек

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Мұхтар Құл-Мұхаммед қалалық және аудандық партия филиалдары ұжымдарымен кездесіп, «Нұр Отанның» Бостандық ауданындағы жаңа ғимаратының құрылысымен танысты. Сондай-ақ ол Қазақстандағы ең ірі нан өндіру зауытында және Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетіне барады деп жоспарланған, деп хабарлайды «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі .

Бүгінде «Нұр Отанның» Алматы қалалық филиалы 690 бастауыш партия ұйымын біріктіріп отыр.

Соңғы жарты жылдың өзінде ғана 11 мыңнан астам Алматы тұрғыны «Нұр Отан» партиясына мүше болды, ал Қазақстанның ең ірі қаласындағы партиялықтардың жалпы саны 77 мыңнан асып түсті.

Партия мүшелерінің саны айтарлықтай өскеніне байланысты әрі партия қызметін одан сайын күшейту мақсатында Алматының Бостандық ауданында «Нұр Отан» партиясының жаңа ғимаратын салу жөнінде шешім қабылданған болатын.

Партияластарымен кездесу барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отанның» қызметін барлық басым бағыттар бойынша нығайту жөніндегі тапсырма бергенін атап өтті. Айрықша назар Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары мен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға салынатын болады. Осы орайда «Нұр Отан» еліміздің жетекші саяси партиясы ретінде Президентіміздің мемлекеттік саясатын орындап қана қомай, Елбасы қойған барлық міндеттердің орындалу сапасына тұрақты түрде бақылау жүргізуі тиіс.

Мұхтар Құл-Мұхаммед сондай-ақ Алматы жастардың қаласы екеніне тоқталды. Сол себепті жастармен жұмысты күшейтуге және оларды партиялық жұмысқа тартуға басымдық беру қажет.

«Нұр Отанның» Алматы қалалық филиалы 2016 жылдың басынан бері 370-тен астам шара өткізген. Жұмыстың басым бағыттарының қатарында партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері мен Call-орталықтары арқылы келіп түскен өзекті мәселелерді анықтау және шешу қала тұрғындарымен өзара әріптестікті нығайту, сондай-ақ бюджет қаржысының жұмсалу тиімділігіне талдау жасау болды.

Сонымен қатар, партия жер реформасына қатысты құрылған жалпыұлттық пікіралмасуды ұйымдастыруда үлкен рөл атқарады.

Жер мәселесі Мұхтар-Құл-Мұхаммедтің Қазақстандағы ең ірі нан зауытының ұжымымен кездесу барысында да басты тақырыпқа айналды.

«Ақсай» ЖШС күн сайын 150 тоннадан астам нан өнімдерін өндіреді. Республикада өндіріс көлемі және технологиялық даму деңгейі бойынша көш бастап тұр.

Зауыт қызметкерлерінің Жер кодексіне қатысты сауалдарына жауап бере келе, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Қазақстанның әлемдік нарыққа тек бидай өнімдерін шығарып қана қоюы жеткіліксіз екенін алға тартты.

«Бізге ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін қазіргі заманның ең озық, ең инновациялық технологиялары керек. Жер реформасының басты мақсаты осы деп білемін», - деді Мұхтар-Құл-Мұхаммед.

Түс қайта партия Төрағасының Бірінші орынбасары Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеттің оқытушылар құрамымен кездесіп, еліміздің ауыл шаруашылығын жаңғырту мәселелерін талқыламақ. Сондай-ақ, республиканың жетекші жоғары оқу орнында Мұхтар Құл-Мұхаммед дәріс оқып, ғалымдар мен студенттердің сауалдарына жауап береді.

BAQ.KZ

701 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз