Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Маусым, 2016

ҰҚК: Төлешов жер реформасына қарсы наразылық акцияларын қаржыландырды

Ірі кәсіпкер Тоқтар Төлешов «Жер реформасы» деп аталатын қарсы наразылық акцияларын қаржыландырды. Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада өткен брифингте Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасев мәлім етті.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Атырау, Астана, Алматы, Орал, Қызылорда қалаларында «Жер реформасы» деп аталатын қарсы наразылық акциялары Төлешев мырзамен өткен жылдың желтоқсанында дайындалып, онымен қаржыландырылғандығы туралы дәлелдер алынды. Аталған наразылық акциялары бұдан да ертерек өткізілуіне қатысты нақты анықталған. Бірақ, Төлешевтің тұтқындалуына байланысты акцияны өткізу уақыттары тікелей ұйымдастырушылармен өзгертілген. Қазіргі таңда олардың кейбірі құрықталған», - деді Руслан Карасев.

Оның сөзіне қарағанда, тергеу органдарымен Қазақстанның басқа өңірлерінде де ұйымдастырған наразылық акцияларын қаржыландыру фактілері қаралуда. Төлешев тергеу изоляторында бола отырып, елдегі қалыптасқан жағдайды пайдаланып, 2016 жылдың мамырында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға әрекеттеген.

«Өзінің жоспарларын іске асыру мақсатында Төлешов құқық қорғау органдарының бұрынғы және әрекет етуші жоғары лауызымды тұлғаларын, сондай-ақ еліміздің Қарулы Күштері бөлімдері кейбір басшылары қатарынан мақсатты түрде өзінің жақтастарын іздестірген. Төлешев өзінің қылмыстық әрекеттерін іске асыру мақсатында пайдалануға жоспарланған жасырын орындардағы едәуір қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды Ұлттық қауіпсіздік органдары тәркіледі», - деді Карасев.

Дереккөз: ИА "Казинформ"

460 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз