Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Маусым, 2016

Жеке сот орындаушылары мемлекеттік орындаушыларға қарағанда тиімдірек жұмыс істеп жатыр - Б. Имашев

Өткен үш айда жеке сот орындаушылары мемлекеттік орындаушыларға қарағанда 4 млрд теңгеге көп өндірді. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Әділет министрі Берік Имашев мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жеке сот орындаушыларының орындауында 924 мың іс жүргізу болды. Бұл мемлекеттік сот орындаушыларындағы істер санынан шамамен 300 мыңға артық. Оған қоса, жеке сот орындаушылары жұмысының көрсеткіштері олар құжаттарды анағұрлым тиімді орындайтынын көрсетеді. Мәселен, ағымдағы жылғы 3 ай ішінде олар мемлекеттік сот орындаушыларына қарағанда 4 млрд. теңгеге көп өндіріп алды. Атап айтқанда, мемлекеттік сот орындаушылары өндірген сома - 15,9 млрд теңге болса, жеке сот орындаушылары - 19,3 млрд. теңге өндірді. Сонымен қатар, жеке сот орындаушылары заңды тұлғалардың пайдасына үш есе көп айыппұлдар өндіріп, істерді қарауы да осыншаға артық болды», - деді министр Берік Имашев.

Оның айтуынша, бұған дейін жеке сот орындаушылары коммерциялық пайдалы іс жүргізуді ғана орындауға қызығушылық білдіріп келген. «Алайда, реформалардың нәтижесінде жеке сот орындаушылары қазір істердің әлеуметтік маңызы бар санаттарын орындауға, атап айтқанда, алимент өндіріп алуға бағытталған. Өйткені, оларға осындай істерді орындағаны үшін ақы төлеу бюджет есебінен көзделген», - деді министр.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы

ҚазАқпарат агенттігі

854 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз