- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 06 Маусым, 2016
Қазақстанның Бас мүфтиі Ақтөбедегі атысқа қатысты пікір білдірді
Қазақстан мұсылмандары рухани басқармасының төрағасы әрі "Әзірет Сұлтан" мешітінің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы таңғы тарауық намазының алдында Ақтөбедегі атысқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.
Еске сала кетейік, кеше Ақтөбе орталығында қаруланған топ әскери бөлім менқару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасап, алты адам қаза тапты. Оның екеуі - құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Осыдан соң, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды өте сақ болуға шақырып, антитеррорлық операциялардың жалғасып жатқанын жеткізді.
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Ақтөбеде болған оқиғаға радикалды діни бағыттағы топтардың қатысы бар екенін растады.
Бүгінде Ақтөбе қаласы мен облысы аумағында интернет желілері өшіріліп, барлық дүкендер жабылды деп хабарлады аймақтағы NUR.KZ тілшісі. Қалада көлік азайып, әскерилер мен тікұшақтар көбейген.
ФОТО: QAZAQ-ALEMI.KZ
805 рет
көрсетілді0
пікір







