Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Маусым, 2016

Бердібек Сапарбаев қаза болған күзет қызметкерінің отбасына көңіл айтты

Бердібек Сапарбаев қаза болған күзет қызметкерінің отбасына көңіл айтты. Жедел күзет қызметкері Мейірхан Тәжібаев Ақтөбе қаласында ата-анасымен бірге тұрған, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.
Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласының Герцен көшесінде тұратын Жедел күзет қызметкері Мейірхан Тәжібаевтың отбасына көңіл айтты. М.Тәжібаев үш ағайынды. Ол ата-анасымен бірге тұрған.

«Сіздің балаңыз өз қызметтік парызына адал болып, өзгенің тыныштығы, амандығы үшін жанын қиды. Үлкен ерлік көрсетіп, азаматтардың өмірін сақтап қалды. Біз өз тарапымыздан қолдау көрсетіп, сіздерге қамқор боламыз»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.+

Қаза болған Мейірхан Тәжібаев небәрі 33 жаста. Өңір басшысы құқық қорғаушылар мен тәртіп сақшылары алдағы уақытта мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін бар жағдайды жасайтынын тілге тиек етті.

Кейін «Паллада» қару-жарақ дүкенінің сатушысы Андрей Максименконың отбасына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан көңіл айтты.

Айта кетейік, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қазіргі уақытта қаза болғандардың отбасына көңіл айтып жүр.

ФОТО: tengrinews.kz

694 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз