- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 07 Маусым, 2016
ҚР ІІМ: Ақтөбеде өткен түні тыныш болды
«Өткен түн тыныш өтті, Ақтөбеде және жалпы елімізде жағдай тұрақты және бақылауға алынды. Қалада лаңкестікке қарсы тәртіп әлі де күшейтілген», – деді Алмас Садубаев.
Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымда қылмыскерлер Ақтөбеде «Паллада» және «Пантера» қару-жарақ дүкендеріне қарулы шабуыл жасап, мұнан кейін ҚР Ұлттық гвардиясының әскери бөлімін басып алмақшы болған. Ол үшін «MAN» маршруттық автобусын басып алып, ондағы жолаушылар мен жүргізушіні түсіріп жіберіп, автобуспен тексеру-өткізу пунктінің қақпасын құлата, қару-жараққа қарай беттеген. Алайда олар қару-жараққа қол жеткізе алмады. Қарауыл күзетшісі қару қолданып, олардың бөлімнің аумағына әрі қарай енуіне жол бермеді.
Барлығы Ақтөбедегі теракт салдарынан төрт лаңкес, төрт әскери қызметші, үш бейбіт тұрғын қаза болды. Түнде жүргізілген жедел-іздестіру шарасы кезінде ұстау және полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету кезінде тағы 5 қылмыскердің көзі жойылып, 2-уі ұсталды.
Ақтөбе облысының ІІД бой тасалаған қылмыскерлерге тұспалдама таратты. Олардың бесеуі – Ақтөбе, екеуі Қызылорда және Ақмола облыстарының тумалары. Ең ересегі 34 жаста.
665 рет
көрсетілді0
пікір







