- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 16 Маусым, 2016
ҚР Ауыр атлетика федерациясы допинг дауына іліккен төрт атлетке қатысты мәлімдеме жасады
Бүгін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы(IWF) 2012 жылғы Лондон Олимпиадасыныңчемпиондары Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедова допинг қолданды деген айыппен тергеу аяқталғанша жарыстардан шеттетілгенін хабарлаған еді. Осыған байланысты Қазақстан ауыр атлетика федерациясы ресми түрде мәлімдеме жасады.
Жақын арада Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясының отырысы өтеді. Сол кезде Олимпиада ойындарында медаль алған спортшылардың мәселелері қаралады. Сондай-ақ ол спортшылардың Рио-де Жанейро Олимпиада қатысу немесе қатыспаулары шешілетін болады.
WADA-ның 2.1 бабына сәйкес спортшылар өздерінің жеке организмдеріне жауап беруі тиіс. Осы бапқа сәйкес спортшылар кез келген шешімге апелляциялық шағым түсіре алады. Сонымен қатар өздеріне жазықсыз жала жабылғанын дәлелдеп шығуына толық мүмкіндіктері бар (10.4, 10.5, 10.6 баптар).
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Ұлттық олимпиадалық комитетпен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып атлеттерге құқықтық көмек беруге өздерін дәлелдеп шығу үшін барлық кезеңде қол үшін беруге дайын.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы әрбір тексерістен кейін жағдайды бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлап отыратын болады.
963 рет
көрсетілді0
пікір







