Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Маусым, 2016

Е. Досаев ҰКП төралқа мүшесі болып сайланды

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Ерболат Досаев «Атамекен» ҚР ҰКП төралқасының мүшесі болып сайланды.

Палатаның үшінші съезінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур  Құлыбаев төралқа мүшелігіндегі Қуандық Бишімбаев пен Сабыр Есенбековтың өкілеттігін тоқтату ұсынысын жасады.

«Сонымен қатар, қазіргі кезде «ҰКП туралы» Заңға сәйкес, Қ. Бишімбаевты ҚР Үкіметіндегі өкілі ретінде ҰКП төралқасы мүшесі етіп тағайындау туралы мәселе қаралуда. Осыған байланысты ҚР қоғам қайраткерлерін төралқа мүшелері ретін сайлау үшін Ерболат Досаевтың, Мейрамкүл Досбаеваның, Дінмұхамбет Ыдырысовтың кандидатурасын қарау ұсынылады»,- деді Т. Құлыбаев.

 Бұл ұсыныс съез қарауына енгізіліп, делегаттар бірауыздан қолдады. «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңнамаға сәйкес, палата төралқасы 52 мүшеден тұрады.

«Бүгін өкілеттігі аяқталған төралқа мүшелерінің ҰКП дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғысымды айтамын. Алдағы уақытта да сіздер ҰКП қызметіне белсенді істермен үлес қосасыздар деп сенемін»,-деді ол.

Автор: Руслан Ғаббасов

ҚазАқпарат агенттігі

501 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз