- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 17 Маусым, 2016
ҚР Президенті DP World компаниясының басқарма төрағасы Султан Ахмед бин Сулайеммен кездесті
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургте DP World компаниясының басқарма төрағасы Султан Ахмед бин Сулайеммен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында тараптар темір жол саласын қоса алғанда, көлік-логистикалық саладағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.
Сондай-ақ «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы мен Ақтау портын дамытуға DP World компаниясының қатысуы мәселелері қарастырылды.
Нұрсұлтан Назарбаев компания өз қызметі саласындағы көшбасшының бірі және еліміздің стратегиялық серіктесі екендігін атап өтті.
Өз кезегінде DP World басшысы Қазақстанмен өзара іс-қимылдың тиімділігін атап өтіп, оны одан әрі тереңдете түсуге мүдделілігін білдірді.
ҚазАқпарат агенттігі
612 рет
көрсетілді2
пікір







