Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Маусым, 2016

Жер комиссиясы: Байланыс орталығына келiп түскен қоңыраулардың 75%-ы 10 сотық жерге байланысты

Бүгiнгi күнге дейiн жер реформасы жөнiндегi комиссия штабының жанынан құрылған байланыс орталығына 9500 қоңырау келiп түстi. Оның 73-75%  10 сотық жерге байланысты болып отыр. Бұл туралы Алматы облысының жұртшылығымен өтiп жатқан кездесуде ҚР Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары, комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсiне  сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.

«Бүгiн сiздермен ашық пiкiрталас өткiзiп, Алматы облысы жұртшылығының, шаруаларының ой-пiкiрлерiн, ұсыныстарын тыңдағымыз келiп отыр», - дедi отырысты ашқан Б.Сағынтаев.

Комиссия төрағасы хабарлағандай, бүгiнгi күнге дейiн штабтың жанынан құрылған байланыс орталығына 9500 қоңырау келiп түскен. Оның 73-75% 10 сотық жерге байланысты болып отыр.

«Алматы облысынан 500-ге жуық қоңырау келiп түстi, оның 1,3% ғана Жер кодексiне енгiзiлген нормаларға байланысты, қалған сұрақтап басқа салаларға қатысты екен.  «Jerturaly» сайты жұмыс iстеп жатыр, оған да түскен ұсыныстар бар. Бұдан бөлек, хат жүзiнде де ұсыныстар келiп түсуде. Штаб оның бәрiн бiр жүйеге келтiретiн болады», - дедi Б.Сағынтаев.

Жер реформасы жөнiндегi комиссияның Алматы облысындағы отырысына селекторлық режимде өңiрдiң барлық аудандары қосылған. Бұдан бөлек, BNews.kz порталынан комиссия отырысының тiкелей көрсетiлiмiн көруге мүмкiндiк бар.

 

737 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз