- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 18 Маусым, 2016
Фермер ауыл шаруашылығын дамытуға Ұлттық қордан қаржы бөлуді ұсынды
Алматы облысының жұртшылығымен өтiп жатқан кездесуде «Самал» шаруа қожалығының басшысы Еркінбек Ісләмов елімізде ауыл шаруашылығын дамытуға Ұлттық қордан қаржы бөлуді ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсiне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.
Алайда, оның айтуынша, жерді сатып алған адамдар үшін әрі қарай сату, айырбастау құқығын қалдыру керек.
«Жерді жекеменшікке берсек, жақсы нәтижеге жетеміз деп жатыр. Онымен мен келіспеймін. Себебі, Израильде жердің 99,8 пайызы, Қытайда 100 пайызы мемлекет меншігінде. Бірақ, олар өте дамыған мемлекеттер. Израиль былтырдың өзінде 1,5 млрд долларға ауыл шаруашылығы өнімін сатқан. Еуропада жердің 70 пайызы жалда екен. Олардың да нәтижесі жақсы. Франция мен Германияда фермерлер үкімет субсидиясының арқасында мол пайдаға кенеліп отыр. Өнімнің 70-80 пайызын қолдайды екен. Егер ондай көмек болатын болса, бізде мүмкіншілік бар. Біздің жеріміз құнарлы. Табиғатымыз қолайлы. Сондықтан шетелдіктер келмесе, өзіміз игере алмаймыз деген бос сөз. Халқымыз еңбекқор, біліміміз де, тәжірибеміз де бар. Бірақ Үкіметтен қолдау керек», - деп атап өтті шаруа.+
«Қаражат жоқ деп отыр. Дәл қазір Ұлттық қорды осыған пайдалануға болмай ма екен? Дағдарыс болған кезде біз бірнеше банкті қолдадық, неге ауыл шаруашылығын солай қолдамасқа?», - деп түйіндеді ол.
731 рет
көрсетілді0
пікір







