Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Маусым, 2016

Жақып Асанов РФ Президентінің кеңесшісімен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі Вениамин Яковлев бастаған  ресейлік делегациямен кездесті. Делегация құрамында Әділет министрлігінің, Тергеу комитетінің, Жоғарғы соттың, Федералдық адвокаттар палатасының, Мәскеу заң академиясының және т.б. өкілдері бар, деп хабарлайды BNews.kz  тілшісіне сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.

Кездесуге қатысушылар қазақстандық және ресейлік құқық қорғау органдарының одан әрі ынтымақтастығының, заңдылықты қамтамасыз етудегі және қылмыспен күрестегі прокуратураның үйлестірушілік рөлін күшейтудің перспективалық бағыттарын талқылады. Сұхбаттасушылар қазіргі заманның сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне тиімді қарсы тұру, аймақта тұрақтылықты нығайту үшін өзара әрекет етуді жандандырудың маңыздылығын атап өтті.+

Бас Прокурор қонақтарға қадағалау органдарының сот ісін жүргізудегі бітімгершілік рәсімін енгізу, қылмыстық, қылмыстық-процестік және азаматтық-процестік заңнамаларды жаңғырту  жөніндегі бастамалары туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ құқық қорғау және сот жүйесіндегі реформалармен, Қазақстанда прокурорлық кадрларды іріктеу және дайындау тетіктерін жетілдірумен байланысты мәселелер талқыланды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кәсіби дайындау туралы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов баяндап берді.

В.Яковлев бүгінгі кездесудің нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі арттыру, екі елдің құқықтық жүйелерін дамыту тәжірибесімен алмасу жолында маңызды қадам болатынын атап өтті.

779 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз