Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Маусым, 2016

Ардагерлер ұйымын Бақтықожа Ізмұхамбетов басқаратын болды

Бүгін Астанада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі Президиумының кезектен тыс отырысы өтті. Онда Өмірзақ Озғанбаевты «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы қызметінен босату туралы өтініш қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісіне  сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.
Тиісінше, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасының міндетін атқарушы лауазымына Бақтықожа Ізмұхамбетовтің кандидатурасы ұсынылды. Оны Президиум мүшелері бірауыздан мақұлдады.

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі Президиумының кезектен тыс отырысының қорытындысы бойынша Бақтықожа Ізмұхамбетовті Орталық кеңестің төрағасы міндетін атқарушы ретінде сайлау және оның кандидатурасын кезекті пленумның қарауына шығару туралы қаулы қабылданды.

Өмірзақ Озғанбаев «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды.

ФОТО: azh.kz

1044 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз