Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Маусым, 2016

Жеңіс Қасымбек ҚР Инвестициялар және даму министрлігін басқарады

Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалсын», - деп жазылған хабарламада.

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – 1975 жылы Жамбыл облысы Шу қаласында туған.

Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, Еуразия университетін бітірген.+

1997 жылы «ТемірБанк» ААҚ бас банкирі қызметіне тағайындалды. ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде лауазымды қызметтер атқарды.

 2005 жылдан – ҚР көлік және коммуникация вице-министрі.

2009 жылдан – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы.

2014 жылдың 7 наурызынан – ҚР көлік және коммуникация министрі.

2014 жылдың тамызынан бүгінгі күнге дейін ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі қызметін атқарды.  

Дереккөз:BNews.kz

855 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз