- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 21 Маусым, 2016
«Алматы аюы» мүсіні ашылады
Герман Федерациялық Республикасының Бас консулдығы мен Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі 2016 ж. 28 маусым күні сағат 16.00-де музейдің мүсін саябағында (Көктем-3 ы/а, 22/1 үй) Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына Берлин қаласының, сондай-ақ халықтар арасындағы өзара түсіністіктің, төзімділіктің, бостандық пен демократияның символы – Елші-аюдың мүсінін тамашалауды ұсынады.
Елші-аюлар алғашында Берлинда жасалғанболатын. Сонан кейін әлемге тарады. Қазіргі кезде әлемнің түкпір-түкпірінде БҰҰ-ға қатысушы елдердің әрқайсысына лайықты 150-ден аса мүсін қойылған. Суретшілер әр елде Елші-аюдың сыртқы пішінін өзіндік ерекшелігіне сай жасаған.

Бас консулдықтың тапсырмасы бойынша алматылық суретші Наталья Литвинова Елші-аю мүсінін қалап, оған «Алматы аюы» деген ат берді. Суретші Елшіні безендіруде Қазақстан Республикасында тұратын барлық халықтар мен ұлыстардың этникалық мотивтерін пайдаланған.
«Алматы аюы» таныстырылымнан кейін 17 маусымда Ә.Қастеев атындағы музейдің мүсін саябағына қойылған болатын.
Мүсіннің ашылу салтанатында Бас консул д-р Ренате Шимкорай ханым, музей директоры д-р Гүлмира Шалабаева ханым және суретші Наталья Литвинова қатыспақ.

Ақбота Исләмбек
1169 рет
көрсетілді0
пікір







