Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Шілде, 2016

Түркиядағы төңкеріс жасау әрекеті салдарынан ең кемі 60 адам қаза тапты

Түркиядағы әскери төңкеріс әрекеті салдарынан ең кемі 60 адам қаза тапты, деп хабарлады HaberTurk порталы Анкара прокуратурасының мәлімдемесіне сілтеме жасап.  Анкарада көтерілісшілердің авиасоққыларынан Түркия парламенті,  Türksat ғимараты, Гёльбаши ауданының полиция академиясы зардап шекті. Анкарада қырық екі адам қаза тапты. Олардың ішінде азаматтар мен әскерилер бар. Жұма күні бір топ әскери Түркияда әскери төңкеріс жасамақ болған. Анкара мен Ыстамбұл көшелеріне әскери техника шығып, атыстар мен жарылыстар естілді. Президент Тайип Ердоған төңкеріс әрекеті жүзеге аспады және ол толық басылатынын атап өтті, деп жазды РИА Новости. ҚазАқпарат  агенттігі

505 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз