- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 17 Шілде, 2016
18 шілдеде профилактикалық жұмыстарға байланысты телеарналардың хабар таратуы уақытша тоқтайды
2016 жылдың 18 шілдеде 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) Телерадио хабарларын тарату саласындағы Үлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жауып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды өткізеді, деп хабарлады компанияның баспасөз-қызметі.
«Қазтелерадио» АҚ жоспарлық-профилактикалық жұмыстарды тоқсан сайын өткізеді.
«Тоқсан сайынғы жоспарлық-профилактикалық жұмыстар сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, осы кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да өткізіледі», - деп түсіндірді компанияда.
Еске сала кетейік, соңғы тоқсан сайынғы жоспарлық-профилактикалық жұмыстары 2016 жылғы 18 сәуірде өткізілген.
- Профилактикалық жұмыстардан кейін хабар таратуда жаңылысу пайда болған жағдайда абоненттер өңірдегі сату орталығына байланысу қажет (193, +7 (727) 258 15 00 нөмірлері бойынша call-center-ге қоңырау шалу) немесе абоненттік жабдықты өз бетімен күйге келтіруге, атап айтқанда: қабылдағыштың күйге келтіруін зауыттық күйге келтірулерге түсіру керек; қабылдағышты (ресиверді) қоректендіру көзінен 2-3 минутқа өшіріп, арналарды қайта іздеу керек, - делінген хабарламада.
ҚазАқпарат агенттігі
640 рет
көрсетілді0
пікір






