- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 27 Шілде, 2016
Биыл 1-сынып оқушылары бес күн оқиды
«Болжам бойынша биылғы оқу жылында бiрiншi сыныпқа 6-7 жасқа толған 20 972 бала қабылданады. Олардың 12802-сі қазақша, 8170-і орыс тiлiнде бiлiм алады. Жаңа оқу жылынан бастап бiрiншi сынып оқушылары 5 күндiк бiлiмге көшедi. Аптаның алтыншы күнi (сенбi) қосымша бiлiм беру күнi болады. Балалар ата-аналарымен бiрге түрлi үйiрмелерге қатыса алады. Бiрiншi сынып оқушыларына 1 қыркүйек пен 1 маусым аралығында 35 апта бiлiм алады. Оқушылардың оқу жүктемесi бастауыш мектепте 5 сабақтан аспайды», - дедi басқарма басшысы.
Оның айтуынша, орта және жоғары сыныптардың бес күндiк оқуға көшуi кезең-кезеңмен жүргiзiледi. 2016 жылы – бiрiншi сыныптар, 2017 жылы – 1,2,5,7 сыныптар, 2018 жылы – 1,2,3,5,6,7,8 сыныптар, 2019 жылы – 11 сыныптан басталады.
Айта кетейік, 2016-2017 оқу жылында 94 жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi. Олардың 83-i мемлекеттiк, 11-i жекеменшiк оқу орны. Оқушылар саны 129 мыңға жетедi деп болжанып отыр.
ФОТО: BNews.kz архивінен
1818 рет
көрсетілді0
пікір







