- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 28 Шілде, 2016
Аудандық аурухананың бас дәрігері Қостанай облысындағы жол апатынан жапа шеккендердің жағдайы туралы хабарлады
27 шілдеде Қостанай облысында Алматы-Екатеринбор тас жолында жүк көлігі мен автобустың соқтығысуы салдарынан жапа шеккен жолаушылар Қостанай облыстық ауруханасына көшіріледі, деп хабарлады телефон арқылы Қарабалық аудандық ауруханасының бас дәрігері Бектерхан Шымпейісов.
8 адам Қостанай облыстық ауруханасына жөнелтілді, ауыр халде түскен үш адам бақылауға алынды, Олар реанимобильдермен облыстық ауруханаға жеткізіледі. Барлығы - ересектер, түске дейін облыстық ауруханаға көшіріледі, деді Бектерхан Шымпейісов.
«Жапа шеккендер түрлі жарақат алды. Жалпы өткен күннің соңына қарай 31 адам медициналық көмекке жүгінді, соның ішінде автобус пен жүк көлігінің жүргізушілері бар. Оларға амбулаторлық көмек көрсетілді», - деді Қарабалық аудандық ауруханасының бас дәрігері.
Еске сала кетейік, Қостанай облысында «Қайрақ» кедендік бекеті маңында ірі жол-көлік апаты орын алды, 25 адам жараланып, 6 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында балалар да бар.
«ҚазАқпарат» тілшісіне құқық қорғау органының хабарлауынша, жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысқан. Автобус Қостанайдан Ресейге бара жатқан.
ҚазАқпарат агенттігі
595 рет
көрсетілді0
пікір







