- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 28 Шілде, 2016
Дизель отынының бағасы өзгеруi мүмкiн – ҚР Энергетика министрлiгi
Елімізде дизель отынының бағасы өзгеруi мүмкiн. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрi Әсет Мағауов дизель отыны бағасын мемлекеттiк реттеуге қатысты жиында мәлiмдедi. Оның айтуынша, мемлекеттiк реттеу алынып тасталғаннан кейiн баға өзгередi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсiне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.
«Реттеудi алып тастау туралы бұйрық жобасы Энергетика министрлiгiнiң сайтында орналасқан. Бұл туралы нақты шешiм жан-жақты талқыланғаннан кейiн тамыз айының басында қабылданады. Аталған шешiм дизель отыны тапшылығының алдын алады. Себебi, қазiргi таңда көршi елдер отынды Қазақстаннан көптеп сатып алуда. Әсiресе, елiмiзбен шекаралас облыстарда отын жақсы сатылып жатыр. Транзиттiк көлiктiң басым көпшiлiгi елiмiзден отын алады. Қазақстанда дизель отынының қоры 200 мың тоннаны құрайды, сонда да бұндай жағдай қала берсе, болашақта отын жетiспеушiлiгi туындауы мүмкiн», - дедi вице-министр.
660 рет
көрсетілді0
пікір







