Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Шілде, 2016

Жас бизнесмендер үшін 33 млн теңге алатын мүмкіндік туды

Қазақстанда «Startup «Bolashak атты жас кәсіпкерлерге арналған республикалық бизнес-жобалардың екінші кезеңі басталды. Конкурстың жүлде қоры - 33 млн теңге.

Конкурстың бірінші кезеңі сияқты, биылғы конкурс та 18-29 жас аралығындағы бизнесмендер республикалық телеарналардың бірінде реалити-шоу форматында өздерінің жобаларын таныстырады. Жоба жеңімпазы 7 млн теңге, екінші орын иесі  6 млн теңге, үшінші орын алған адам  5 млн теңге иеленеді. Ал, қалған 15 млн  теңге «жасыл экономика» саласындағы үздік стартаптарға грант ретінде таратылады екен.

«Бүгін «Startup «Bolashak» конкурсының екінші кезеңін бастаймыз. Бірінші кезеңнен айырмашылығы, биыл Кәсіпкерлерді қолдау орталығына осы конкурсқа арналған өтініш түсе сала, реалти-шоу түсіре бастаймыз. Екінші бір жаңалығымыз  қазылардың құрамында мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектордың өкілдері жоқ. Жас кәсіпкерлердің жұмыстарын тек кәсіпкерлер бағалайды», - дейді Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген «Даму» қорының басқарма төрағасы Қаныш Тілеушин.

Конкурсқа қатысу үшін bolashak.kz және damu.kz сайттары арқылы өтініш бере аласыз. Жас кәсіпкерлер арасындағы идеялардың жарысы 26 қараша күні аяқталады.

Автор: Кенжекей Тоқтамұратқызы

ҚазАқпарат  агенттігі

706 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз