- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 29 Шілде, 2016
Бұдан былай банктер кепілге қойылған баспанаңызды тартып алмайды
Бұдан былай банкке берешектер кепілге қойған үйлерінен қуылмайды. Банк өзіне қарыздар адамдармен мәмілеге келе бастаған сыңайлы – дейді BAQ.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.
Барым осы деп басындағы бір ғана баспанасын кепілге қойғандар бұдан былай пәтерімнен айырылып қалам-ау деп алаңдамайды. Банк өз тұтынушыларымен арадағы келісім шартқа өзгертулер еңгізіп, қиналған халықтың көңіліне тағы бір демеу болып жатыр.
«Борышкер өз еркімен банкке келіп, қаржылық қиындықтары барын ашық айтуы тиіс. Осылай бола тұра, қарызын өтеуден бас тартпайтындығын танытса, банк өкілдері оған түсіністікпен қарап, әр борышкерге қарызды өтеудің жолдарын бірлесіп қарастыратын болады» - дейді Ұлттық банктің басқарма басшысы Александр Терентьев.
546 рет
көрсетілді0
пікір







