- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 01 Тамыз, 2016
Рио ойындарында спортшылар 5500 допинг-сынама тапсырады
Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары кезіндегі антидопингтік шаралар туралы айтып берді.
Оның айтуынша, Рио-2016-да спортшылардан 4500 зәр допинг-сынамасы және 1000 қан тесті алынады. Ойындарға дайындық кезеңінде 2200 спортшы нүктелік тестілеу бағдарламасына қосылған.
Бах Бейжің-2008 және Лондон-2012 допинг-сынамаларын қайта тексеру бағдарламасы ең көлемді болғанын атап өтті, деп жазды sports.ru.
Дереккөз:ҚазАқпарат агенттігі
642 рет
көрсетілді0
пікір







