- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 01 Тамыз, 2016
Алматыда Күлікбаев жарақаттаған тағы екі полицей қаза тапты
Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жан сақтау бөлімінде Р.Күлікбаевты ұстау кезінде жарақат алған тағы екі полицей көз жұмды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.
Тағы бір көз жұмған полицей – полиция лейтенанты, Алмалы ауданы ІІБ учаскелік инспекторы Мейрамбек Рахматуллаев 1992 жылы туған. Ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызметте болған. Осы уақыт ішінде бірнеше рет ҚР ІІМ Алматы қаласы ІІД грамоталарымен марапатталды. Отбасылық жағдайы – үйленген.
Естеріңізге салып өтсек, 18 шілде күні Алматыда Р. Күлікбаев полицейлерге оқ жаудырды. Атыс кезінде құқық қорғау органдарының үш қызметкері оққа ұшты. Кейін тағы бір тәртіп сақшысы ауруханада жан тапсырды.
BNews.kz ақпарат агенттігінің ұжымы Серік Әбілдаев пен Мейрамбек Рахматуллаевтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
875 рет
көрсетілді1
пікір







