Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Тамыз, 2016

Геннадий Головкиннің туған қаласы ЭКСПО-2017 туристерін шақырады

Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің туған қаласы Қарағанды ЭКСПО-2017 туристерін шақырады.

«Әлемге танымал боксшы, ЭКСПО-2017 елшісі Геннадий Головкин туып-өскен Қазақстанның әсем қалаларының бірін көру мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар. Қарағанды таза және жап-жасыл көшелерімен, ескерткіштерімен және архитектуралық үздік туындыларымен танымал. Сондай-ақ, қалада ТМД бойынша жалғыз - экологиялық музейді көруге болады», - делінген ЭКСПО-2017 ресми Facebook парақшасында.

Одан бөлек, табиғат аясын сүйетіндер жергілікті халық «дала шатыры» атап кеткен Ақсораң төбесінен әсем көріністі тамашалап, Алтынтөбедегі сирек кездесетін аширит-диоптаз тасы кен орнына бара алады.

Белсенді демалысты қалайтындарға Қарқаралы ұлттық паркінің курортты аймақтарын көру ұсынылады.

ҚазАқпарат  агенттігі

802 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз