- Құмсағат
- 12 Тамыз, 2016
Олимпиада: Әділбек Ниязымбетовтың өз қарсыласын айқын басымдықпен жеңгені

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық Әділбек Ниязымбетов беларусь боксшысы Михаил Долголевецтен басым түскен. Үш раундтың қорытындысы бойынша жерлесіміз 3:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.
Айта кетейік, Рио Олипиадасының алғашқы жарыс күні 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Берік Әбдірахманов бірінші айналымнан аса алмай, жарысты ерте аяқтаған болатын. Кеше 49 келідегі Біржан Жақыпов ширек финалда ұтылып, жүлдеден құр қалды. Ал Василий Левит жартылай финалға жолдама алды. Сондай-ақ бүгін Қайрат Ералиев 2013 жылғы әлем чемпионы Джавид Челебиевті ұтса, жас боксшымыз Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шығып қалды. Бүгін Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін өткізеді.

1414 рет
көрсетілді0
пікір