Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 15 Тамыз, 2016

Қайрат Ералиев: Төрешілер мені „аяғымнан„ шалды

Риодағы Олимпиада ойындарында 56 келі салмақта түнде шаршы алаңға шыққан Қайрат Ералиев өзбек Муроджон Ахмадалиевтен ұпай саны бойынша ұтылған еді. Алайда ол бұл жеңілісін мойындамай отыр.

— Мен негізі жеңілген жоқпын. Қарсыласымнан артық жұдырықтаспасам, кем болған жоқ. Оның соққыларының барлығы менің қорғанысымнан өте алмады. Ал мен көптеген соққыларымды дөп тигіздім деп нық сеніммен айта аламын, — деді Ералиев жекпе-жектен кейін, ҚазАқпарат агеттігіне бөліскен өз ойында.

Ол Дохада өткен әлем біріншілігінде осы боксшымен кездескенін айтқан.

— Мен бұл боксшымен Дохада өткен әлем чемпионатында кездескем.Онда таза ұтылған болатынмын. Мойындайтын кезде мойындау керек.

Ал бүгін ұтылдым деп айта алмаймын. Мені төрешілер „аяғымнан„ шалды.

Олимпиада жүлдесі бұйырмай тұрған шығар. Төреші кімнің қолын көтерсе, сол жеңді деген сөз. Бірақ, кімнің мықты жұдырықтасқанын жанкүйерлер, халық көріп отыр. Бағасын солар береді, — деп әңгімесін қайырды боксшы.

Естеріңізге сала кетейік. Қазақстан Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жалпы есепте 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен 16-орында келеді.

365info.kz

1400 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз