- Құмсағат
- 19 Тамыз, 2016
AIBA Левит-Тищенко жекпе-жегіне қазылық жасаған төрешіні Олимпиададан шеттетті

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарынан шеттеттілген төрешілердің тізімін жариялады. Олардың қатарында қазақстандық төреші Рахымжан Рысбаев та бар.
Сонымен бірге Левит-Тищенко, Майкл Конлан мен Владимир Никитин жекпе-жегіне қазылық жасаған төреші - ирландиялық Майкл Галлахер да бар, деп хабарлайды "Fightnews"
Айта кетейік, осыған дейін AIBA Олимпиадада қателік жасаған төрешілерді жарыстан шеттеттінін хабарлаған болатын. Бірақ олардың қателігінен кеткен бокс жекпе-жектерінің қорытындысы өзгеріссіз қалатынын мәлімдеген-ді.
Еске сала кетейік, соңғы бірнеше күн бойы олимпиадалық бокста бірден екі дау туындады және екеуі де ресейлік боксшылардың пайдасына шешілді. Әуелі төрешілер жеңісті қазақстандық Василий Левитке емес, Евгений Тищенкоға берді, одан кейін Владимир Никитин ирландтық Майкл Конланнан күштірек деп санады.
Бұдан кейін Қазақстандық бокс фендерациясы АІВА ережелері бойынша, төрешілер шешіміне қарсы шағым бере алмайды және ҚБФ Халықаралық бокс қауымдастығының мүшесі ретінде бұл ережелерді сақтауға міндетті, деп атап өтті.
Айта кетейік, қазақстандықтар боксшының күміс медалін олимпиадалық «алтынмен» бағалауды және олимпиада чемпиондары деңгейінде сыйақы төлеуді ұсынды. Бүгін федерация осы бастаманы қаперге алғаны белгілі болды.
«Василий Левит олимпиадалық рингтегі финалдық жекпе-жегінде көрнекті нәтиже көрсетті, жеңіске деген еркін білдірді және ол олимпиадалық күміс медальға ие болса да, оған мемлекет 150 мың доллар сыйақы төлейді, Қазақстандық бокс федерациясының бокс федерациясының президенті Т.Құлыбаевтың шешімімен бұл сомаға тағы жүз мың доллар қоса төленеді, сөйтіп, Левиттің сыйақысы «алтынға» теңеледі», деп хабарлады ҚБФ.
ҚазАқпарат агенттігі

1605 рет
көрсетілді0
пікір