- Құмсағат
- 19 Тамыз, 2016
Рио-2016: Гүзел Манюрованың күміс жүлде алған жекпе-жегі

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер күресінен 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Гюзель Манюрова финалда канадалық Эрика Уибемен белдесті. Финалда кандалық балуан жерлесімізге еш мүмкіндік бермеді. Сөйтіп, Г.Манюрова Рио-Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.
Финалға дейін Г.Манюрова алдымен Венгрия балуаны Жанетт Неметті, одан кейін ширек финалда камерундық Аннабель Әлиді жеңген болатын. Ал жартылай финалда ресейлік Екатерина Букинадан 1:8 есебімен ұтылып жатып, соңғы секундтарда жеңісті жұлып алған еді.

1053 рет
көрсетілді0
пікір