- Басты ақпарат
- 20 Тамыз, 2016
Бүгін Риода Қазақстан туын көтеріп шыққан Руслан Жапаров сынға түседі

Бүгін Рио Олимпиадасында Қазақстанның көк байрағын көтеріп шыққан таеквондошы Руслан Жапаров жарыс жолына шығады. Бұған қоса, еркін күрес балуандары Аслан Кахидзе мен Дәулет Шабанбай да бақ сынайды. Кезекті жарыс күнінде ескек есушілер мен бессайысшыларымыз да сынға түседі. Назарларыңызға төрткүл дүние көз тігіп отырған дүбірлі додада өнер көрсететін қазақстандықтардың тізімін ұсынамыз.
Уақыты – 18:40
Еркін күрес. 86 келіге дейінгі салмақтағы ерлер. Іріктеу – Аслан Кахидзе
Уақыты – 19:00. Тікелей эфир (KazSport)
Байдарка мен каноэда есу. Спринт. Ерлер. 1 000 метр. Жұбаныш финалы – Илья Голендов, Сергей Токарницкий, Александр Емельянов, Андрей Ергучев
Уақыты – 19:04
Еркін күрес. Ерлер, 125 кг дейін. 1\8 финал – Дәулет Шабанбай
Уақыты – 19:40. Тікелей эфир (KazSport)
Заманауи бессайыс. Ерлер. Жүзу – Павел Ильяшенко
Уақыты – 21:00
Таеквондо. Ерлер, 80 келіден жоғары. 1\8 финал – Руслан Жапаров
Уақыты – 21:45

1032 рет
көрсетілді0
пікір