- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 05 Қазан, 2016
Абылай Мырзахметов Қазақстан мен Ресей арасында бірыңғай электронды база құруды ұсынды
«Түрлі кедергі ойлап табатын мемлекеттік органдардың рейтингін құрып, үкімет басшыларына, Елбасына дейін жеткізу керек. Жыл өткен сайын мұндай тосқауылдар көбейіп келеді. Бірақ, бизнес күтпейді, шыдамайды. Мұнымен күресу үшін ең тиімді тәсіл – рейтинг жариялау. Бұл тізімде кеден мен Ресейдің ауыл шаруашылығының қадағалауы болатындығына күмәнім жоқ. Осы органдарды мұқият қарап шығу керек. Олардың кедергі қоюының негізін анықтау керек», - дейді ол.
Мырзахметовтің ойынша, бұл мәселені шешу үшін Қазақстан мен Ресей бизнесмендері туралы ақпарат жинақталған бірыңғай электронды база құру керек.
«Неліктен алаңдайтындарын түсінеміз. Бірақ, тиімді шешім табуға болады. Электронды база құру керек. Егер ол база өзара біріктірілсе, онда әр пунктте қағаз көрсетіп әуреге салынудың қажеті жоқ. Базада кәсіпкердің адал екендігі көрсетіледі. Сондықтан, онда ешқандай мәселе туындамайды. Ал база бірыңғай болса, оны ресейліктер де көре алады және кәсіпкер Ресейде алаңсыз жұмыс істейді.+
Бұл, алдымен, Қазақстан және Ресей арасындағы ынтымақтастыққа қатысты болып тұр. Біз ЕАЭО аясындағы ең ірі серіктеспіз. Сондықтан, аталған мәселені ЕАЭО аясында ұсыну керек. Әзірге екі ел арасында келіссөздер жүріп жатыр», - деп түйіндеді Абылай Мырзахметов.
603 рет
көрсетілді0
пікір






