Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Қазан, 2016

Премьер-Министр жыл соңына дейін қылмыстың алдын алудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрлігіне осы жылдың 1 желтоқсанына дейін алдағы үш жылға арналған қылмыстың алдын алудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды primeminister.kz  тілшісіне  сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.
«ҚР Ішкі істер министрлігіне барлық мемлекеттік және жергілікті органдармен бірлесе отырып, осы жылдың 1 желтоқсанына дейін алдағы үш жылға арналған қылмыстың алдын алу үшін кешенді жоспар жобасын әзірлеуді және белгіленген тәртіппен Үкіметтің қарауына ұсынуды тапсырамын», – деді Б.Сағынтаев.+

ҚР Премьер-Министрі осы бағытта жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

«Біз халықтың нақты қолдауымен жұмысты тексеріп, жүйелеуіміз қажет», – дейді Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар, Премьер-Министр әкімдерге Ұлт жоспарына сәйкес жергілікті полиция қызметін нығайтуды тапсырды.

«Жаппай бейнебақылау камераларын орнатып, «Қауіпсіз қала», «Қауіпсіз аула», «Қауіпсіз мектеп» қағидаты бойынша интеллектуалдық жүйесін енгізу қажет. Сондай-ақ, осы мәселе бойынша жауапты тұлғалардың есебін тыңдаймыз», – деді Премьер-Министр.

ФОТО: primeminister.kz

594 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз