Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Қазан, 2016

Ақтөбедегі лаңкестікке қатысты 215 сараптама жасалып, іс сотқа жолданды

Ақтөбе қаласындағы лаңкестік оқиғаны тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісіне  сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.
«Ведомствоаралық жедел тергеу тобы Ақтөбе қаласында 5 маусым күні болған лаңкестік оқиғаға қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. Ұрланған атыс қарулары толығымен анықталды және тәркіленді. Іске қатысты 29 күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Қазір 28-і қамауға алынды. 9 күдікті терактіге тікелей қатысушы, 18 адам дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламағаны үшін, 2 адам қылмыскерлерді жасырғаны үшін сот алдында жауап береді. Айыпталушылар өз кінәларын толықтай мойындады», - деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.+

Ақпаратқа сүйенсек, іс бойынша 215 сараптама жүргізілді. Қазіргі уақытта 101 жәбірленуші бар. Оқиға орындарынан түсірілген бейнежазбалар сақтаулы, деректері жинақталды. «Бүгінгі таңда барлық тергеу жұмыстары аяқталды. Айыпталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің Кісі өлтіру, Қарақшылық, Терроризм актісі, Террористік топ құру, басшылық ету және оның әрекетіне қатысу баптары бойынша жауап береді. Іс 7 қазан күні сотқа берілді. Іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандандырылған ауданаралық сотында қаралады», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 5 маусымдағы лаңкестік оқиға кезінде көзі жойылған 18 күдіктіге қатысты қылмыстық қудалау олардың өліміне байланысты қысқартылды.

ФОТО: trend.az

765 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз