Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Қазан, 2016

Сегiз елдiң елшiсi Нұрсұлтан Назарбаевқа сенiм грамоталарын табыстады

Бүгiн Ақордада 8 шет мемлекеттiң елшiсi Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенiм грамоталарын табыстады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсiне  сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.
 Мемлекет басшысына сенiм грамоталарын Австрия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Герхард Сайллер, ГФР Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Рольф Мафаель, Грекияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Александрос Катранис, Нидерланды Корольдiгiнiң Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Дирк Ян Коп, Швейцарияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Урс Шмид, Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Итиро Кавабата, Катар мемлекетiнiң Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Ахмад бен Әли Абдуррахман Әл-Жәмiл Әл-Тамими, Ватиканның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Фрэнсис Ассизи Чулликатт табыстады.
Елбасы елшiлердi дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтады.

726 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз