- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 10 Қазан, 2016
«Тілдарын» республикалық олимпиадасы
Өтетін орны: Өткізілетін мерзімі:
Ақмола облысы, Бурабай ауданы «Балдәурен» 2016 жылғы 13-14 қазан республикалық оқу-сауықтыру орталығы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.
Олимпиадаға 18-22 жас аралығындағы облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Олимпиада жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.

Байланыс телефондары: 8/7172/ 40-83-97, 87023768400
2290 рет
көрсетілді0
пікір