- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 10 Қазан, 2016
Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде
«Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде»
жобасы бойынша өткізілген іс-шаралардың
қорытынды брифингінің
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті тарапынан Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында және Алматы, Астана қалаларында "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде" орыстілді азаматтар арасында мемлекеттік тілді насихаттау шаралары өткізілді.
Жобаның мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын біркелкілікке жеткізу үшін өңірлік алшақтықтарды еңсеруге басымдық беру, орыстілді азаматтарға мемлекеттік тілді насихаттайтын «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» кешенді шараларын өткізу және ұйымдастыру.
Жоба аясында аталған облыстарда үстіміздегі жылдың 15 тамызынан 13 қыркүйекке дейін кездесу, дөңгелек үстел, брифинг түрінде барлығы 34 шара өткізілді. Жобаның жұмыс тобы құрамында белгілі саясаткерлер және қоғам қайраткерлері, жергілікті жерлердегі Тілдерді дамыту және Ішкі саясат басқармаларының басшылары болды. Жобаның барлық шараларына белгілі қоғам қайраткері Д.Көшім жетекшілік етті.
Шаралар Ақтөбе облысының Алға, Мәртөк Хромтау, Мұғалжар Қарғалы аудандары және Ақтөбе қаласында, Батыс Қазақстан облысының Бөрлі, Теректі, Зеленов аудандары және Орал қаласында, Алматы, Астана қалаларында өткізілді.
Аталған шараларға шамамен 1 700-ден астам өңір-азаматтары қатысты.
Қорытынды брифингке жоба жетекшісі, қоғам қайраткері Д.Көшім, белгілі саясаткерлер А.Сарым, Р.Жұмалы, М. Ахметов, О.Асанғазы және т.б. қатысады деп күтілуде.
Қорытынды брифингте "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде" жобасы аясында өткізілген шаралар қорытындыланады.
Ұйымдастыру комитеті
Байланыс телефондары: 8/7172/ 740509, 740510, 8 778110409
735 рет
көрсетілді0
пікір






