- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 01 Қараша, 2016
ҚР премьер-лигасындағы 7 клубтың басшысы өзгереді
Қазақстаннның премьер лигасындағы 7 клубтың басшысы бірден өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Sports.kz.
KazFootball.kz дереккөзінің хабарлауынша, елдің басты футбол органындағы басшының өзгеруіне байланысты еліміздің 7 клубының жетекшісі бірден өзгереді. Олар: «Шахтер», «Ақтөбе», «Ақжайық», «Ертіс», «Ордабасы», «Тараз», «Жетісу» командалары.
Айта кетейік, Ерлан Қожағапанов Қазақстанның футбол федерациясы лауазымынан босатылған болатын.
Бұл шешім Қазақстанның футбол федерациясының қазанның 19-ы күні өткен кезектен тыс мәжілісінде белгілі болды. «ҚФФ президенті Ерлан Қожағапановтың ұзақ мерзімді сапарға кетуіне байланысты федерация президентінің басшысы қызметі Сейілдә Байшақовқа жүктеледі»,-деп хабарланды Қазақстанның футбол федерациясының ресми сайтында.
ҚазАқпарат агенттігі
753 рет
көрсетілді1
пікір






