- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 01 Қараша, 2016
Үшінші тоқсан бойынша еліміздегі орташа жалақы - 141 мың теңге
2016 жылғы 3 тоқсанда бір қызметкердің орташа айлығы 141187 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2015 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 113,4%, ал нақты жалақы индексі 96,7% құрады, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.
Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 326,7 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,3 есеге артты), одан кейінгі орында кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазушылар – 313,2 мың теңге (2,2 есеге артты). Алғашқы үштікті қаржы және сақтандыру қызметіндегілер түйіндеді – 254,9 мың теңге (1,8 есеге артты).
Ескерту. Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.
692 рет
көрсетілді2
пікір






