- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 01 Қараша, 2016
Еліміздің көлік инфрақұрылымы 5 жылда 19 есеге жақсарған
Елімізде көлік инфрақұрылымы саласының көрсеткіші соңғы 5 жылда 19 есеге көтерілген. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.
Оның айтуынша, елімізде модернизациялауды қажет ететін 8 әуежайдың төртеуі қайта жөндеуден өткен. Ақтау теңіз портының өткізу қабілеті 20 миллион тоннаға дейін артыпты.
«Құрлықтық мемлекет болсақ та, жаңа xалықарлық дәліздерді салып, жүк тасымалдау үшін барынша қолайлы жағдай жасау арқылы транзиттік әлеуетімізді пайдалануымыз қажет. Бұл үшін шығыстан батысқа қарай 1000 шақырым жол қысқарды. Контейнерлік пойыздардың жылдамдығы тәулігіне 1100 шақырымға дейін артты», - деп түйіндеді Ж.Қасымбек.
616 рет
көрсетілді1
пікір






