- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 14 Желтоқсан, 2016
Назарбаев Израиль Премьер-министрімен жеке кездесуде не жайлы сөйлескенін айтты
Бүгiн Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Израиль премьер-министрi Биньямин Нетаньяхумен Ақордада кездесу өткiздi. Бұл Мемлекет басшысының арнайы шақыруымен келген Израиль премьер-министрiнiң Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапары, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсiне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.
Н.Назарбаев екi жақты ынтымақтастықты үш негiзгi бағыттағы өзара әрекеттестiк дамыта алады, олардың бiрi: ауыл шаруашылығы, ол бiздiң басты қатынасымыз, дедi.
«Бiзде ауыл шаруашылығы бизнесiн дамытуға бiрегей жағдай бар, ал Израильде жетекшi технологиялар бар. Мен бiздiң бiрлескен комиссия құрып, бұл мәселе бойынша нақты келiсiмдi әзiрлейтiнiмiзге қуаныштымын. Өнiмдердiң барлық түрлерiн өңдеу, жердi үнемдi тамшылап суару, бiз осы салаларда сiздерден тәжiрибе алғымыз келедi. Бүгiн ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшiн ынтымақтастық туралы үкiметаралық келiсiмге қол қойылады. Осыны негiзге ала отырып, нақты жұмыс атқара беремiз», - дедi Мемлекет басшысы.
Елбасы сонымен қатар, инвестицияларды тарту, инновацияларды дамыту, медицина саласында тәжiрибе алмасу көзделiп отырғанын айтты.
Айта кетейік, бүгiн елордада сондай-ақ, Қазақстан-Израиль бизнес форумы өттi. Форум жұмысына қос елдің бизнес және үкіметтік емес ұйымдарының 400-ден астам өкілi қатысты.
619 рет
көрсетілді0
пікір






