Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Желтоқсан, 2016

Абаев Астана-Бурабай жолындағы апатта көмек қолын созған Гончаровты марапаттады

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев  Астана-Бурабай күре  жолындағы апат кезінде көмек қолын созған Казмедиа центр - Қазмедиа орталығының  қызметкері Кирилл Гончаровты марапаттады.

«Достар, бірнеше күн бұрын Астана-Бурабай тас жолында қайғылы жағдай болғаны белгілі. Автокөлік апатының салдарынан төрт адам қаза тапты. Сәтін салғанда, оқиға кезінде жолаушылардың арқасында 3 жастағы бала құтқарылды. Сол жолы көмек қолын созғандардың бірі Казмедиа центр - Қазмедиа орталығы қызметкері Кирилл Гончаров (Kirill Goncharov) еді. Бүгін Министр Дәурен Абаев және барша министрлік ұжымы осынау ерлігі үшін оған үлкен алғыс білдіріп, арнайы марапат табыстады. Мұндай азаматтар қандай құрметке де лайық деп ойлаймыз», деп жазды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз хатшысы Арсен Бектасов фейсбуктегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға  4 желтоқсанда сағат 13:40 шамасында Астана-Көкшетау күре жолының 245-шақырымында болды. «Қатты боранның салдарынан аталған күре жолдың бойында бірнеше көліктің соқтығысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан төрт адам опат болды.

ҚазАқпарат  агенттігі

784 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз