- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 15 Желтоқсан, 2016
Қазақстанда «Мәңгілік Ел» пошталық маркасы шықты
Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Мәңгілік Ел» маркасының салтанатты ашылуы болып өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне сілтеме жасаған kazgazeta.kz. Шығарылған маркалардың жалпы таралымы 7,5 мың, ал бір марканың бағасы 100 теңгені құрайды. «Осы уақытқа дейін (Тәуелсіздіктің 25 жылы) мемлекеттік мерекелерге, мерейтойлық күндерге, белгілі тұлғаларға арналған мыңнан астам түрлі маркалар жарық көрді. Сондықтан бүгінгі іс-шара - біздің, қазақстандық поштаның әлеуетін арттырып, Қазақстанды серпінді дамыған ел ретінде көрсететін кезеңдердің бірі», - деді ОКҚ баспасөз конференциясында «Қазпошта» АҚ атқарушы директоры Сәуле Егембердиева. Пошта маркасы перфорациясы жоталы, жиырма маркадан құралған таңбалы қағаз түріндегі 4 бояулы офсетті қағаздан жасалған. Суретшісі - Ксения Плужникова. Маркалар ҚР Ұлттық банкінің банкноттық фабрикасына басылып, УФ-түстерінен қорғайтын элементтер қолданылды.
659 рет
көрсетілді0
пікір






