Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Желтоқсан, 2016

«Ат-Такфир уаль-Хиджра» діни экстремистік тобын ұстау жөнінен арнайы операция басталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел Қазақстан аумағында «Ат-Такфир уаль-Хиджра» діни экстремистік тобының мүшелерін ұстау жөнінен арнайы операцияны бастады. Жедел ұстау шаралары Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары және Алматы қаласында жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Комитеттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Діни алауыздық тудырып, тыйым салынған ұйым қызметіне қатысқан деген күдікпен 16 адам ұсталып, ҰҚК аймақтық органдарына жеткізілді.

Сондай-ақ олардың тұрған мекен-жайларына тінту жүргізіліп, өзге де жедел тергеу және процессуалды әрекеттер жасалып жатыр.

«Ат-Такфир уаль-Хиджра» тобының мүшелері «Құдайға сенбеушілікке» немесе «такфирге» қарсы шығу принципін насихаттайтыны белгілі. «Аль-Каиды», ТГИЛ және өзге бірқатар террористік топ осы қағиданы ұстанады.

«Ат-Такфир уаль-Хиджраның» жолына түскендер террористердің Сирия мен Ирактағы қимылдарын жақтап, жалпы зайырлы билік формасы мен елдің конституциялық заңдарын жоққа шығарады.

Бұл ұйымға сот шешімімен Қазақстан аумағында 2014 жылы тыйым салынды. «Ат-Такфир уаль-Хиджра» АҚШ, Қытай, Египет, Ливия, Марокко, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей және бірқатар елде қауіпті террористік ұйымдар тізіміне енгізілген.

Аударған: Г.Абилова

Дереккөз:24.kz

933 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз