Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 04 Наурыз, 2010

Елтірі өндірісінің берері мол

АҚШ-тың Вице-президенті Р.Чейни Астанаға келген сапарында “АҚШ Қазақстанды тек сенімді одақтас ретінде ғана емес, бүгінгідей күрделі кезеңде әлемде тұрақтылық пен өзара түсіністікті қамтамасыз етуге ауқымды үлес қосып отырған мемлекет деп есептейді. Біз Қазақстанмен экономикалық және саяси салаларда, оның дамуына ықпал ететін барлық бағытта ынтымақтастыққа әзірміз. Бұл ел экономика саласында саясатта жоғары жетістіктерге қол жеткізуде”, деп атап айтқан болатын. Сонымен, бүгінгі табыс ертеңге жол ашары сөзсіз. Әлемнің ең күшті деген елдерімен тең жағдайда сөйлесе алатын Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыру және нарық жүйесінің қалыптылығын қамтамасыз ету негізгі факторлар болуы тиіс. мемлекетіміздің жаһандық экономикалық қарқынға сай дамуы мен жаңа жағдайға бейімделуі және оның кейбір құбылыстарына шұғыл үндестік таныта білуі, өзге де ауқымды өзгерістер Қазақстанның алдына әлемнің қарқынды дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын қойып отыр. Елімізде шығарылатын өнімдердің экспортта немесе өз арамызда қарқынды дамып табысқа жетуі, төл өнімдеріміздің сапасына байланысты. Біздегі ауқымды шаруашылық болып табылатын, негізгі және басты кластер мал, егін өнімдерін алатын ауылшаруашылық саласының бүгінгі қал-ақуалы қалай?! Қазақтың жерінің қай бұрышы болмасын жері егінге қолайлы, малға жайлы болып келетіні баршаға белгілі. Сөзіміздің дәлелі, республиканың Оңтүстік-Батыс аймағын алып жатқан орасан зор жер көлемінде мал шаруашылығының барлық салалары дамыған. Оның ішінде қаракөл қойы өсірілетін аймағы еліміздің 40 млн. гектардан аса шөл және шөлейт жайылымдықтарын құрайтын, табиғи ауа райы жағдайларына байланысты тек қана қаракөл мен атырау тұқымды қойларды және түйе малын өсіруге жарамды ауыл шаруашылығы жерлері болып табылады.

Шөл және шөлейт аймақтарда ауылшаруашылық өндірісінің тиімді саласының бірі мал шаруашылығының негізі болып саналатын дүние жүзінде теңдесі жоқ, жоғары сапалы түрлі түсті елтірі өнімін, ет және қылшық жүн беретін бірден-бір елтірі қой тұқымы қаракөл қойы.

Қазіргі кезде қаракөл шаруашылығы өнімдерін өндіру тиімділігін талдау қой еті мен қаракөл елтірісін өндіру шаруашылықтар үшін тиімді екенін көрсетіп отыр. Бұрынғы ірілендірілген бордақылау кешендерінде малды етке қарқынды даярлау технологиясы жойылып, әртүрлі қожалықтар өзінше ізденіс жасап жатыр.

Осы тұста мемлекеттің көмегінсіз болмас, биылдың өзінде 447 миллион теңге көлемінде ауыл шаруашылығына 9,5 пайыздық көрсеткішпен несие берілген. Бұл банктерге қарағанда әлде қайда ауыл тұрғындары үшін қолайлы. Негізінен қаржылай қолдау қорынан қаражат алып отырғандар төрт түлік мал басын көбейтуді басты мақсат етіп отыр. Айталық, Ақмола облыстық қаржылай қолдау қорының филиалы үстіміздегі жылдың өзінде ауыл шаруашылығы саласына бюджеттен 78 миллион, қайта қаржыландырудан 51 миллион теңге көлемінде бір шаруаға табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтары үшін 200 мың теңгеге дейінгі көлемінде, ал табысы орташа үй шаруашылықтары үшін 400 мың теңгеге дейінгі көлемінде жылына 9,5 пайыздық көрсеткішпен қаржылай қолдау көрсетіліп, қаражат үлестірді. Бұл әрине ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту үшін мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан зор қолдау деп білген жөн. Несие мал шаруашылығына 2 жылға, өсімдік шаруашылығына 1,5 жылға, ал басқа бизнестерге 1 жылға беріледі. Осы уақыт аралығында өтініш білдіргендер ай сайын емес, алған қаражатты 2, 1,5 және 1 жылдан соң бірден қайтаруларына болады. Міне, бұл әсіресе төрт мүліктің санын көбейтемін деушілерге үлкен көмек.

Арайлым ШОРАЕВА

ҚазҰПУ-дың II-курс магистранты

1257 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз