- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 27 Сәуір, 2017
Сауд Арабиясының королі ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановты қабылдады
Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдель Азиз еліміздің ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады.
Кездесу барысында ведомство басшысы ғылым мен технология бойынша Астанада өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының ең алғашқы саммитіне Елбасы шақыруын табыстады.
Сауд Арабиясының королі оны жылы қабылдап, қос ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Бұған қоса ол Қазақстан Президентінің бейбіт әлем қалыптастыру бағытындағы бастамаларын, әсіресе Астананың Сирия мәселелері бойынша келіссөздердегі рөлін жоғары бағалады. Сонымен қатар қос тарап бірер күннен кейін басталатын EXPO көрмесін де сөз қылды. Айта кетейік, Қайрат Әбдірахманов осының алдында басқа да араб елдерінің, яғни Катар мен Кувейттің әмірлерімен және министрлерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
- Араб әріптестерімізді Қазақстанның БҰҰ ҚК мүшелігінің аясында Ислам әлемінің мүдделерін лайықты қорғау бойынша әрекеттеріміз туралы да сөз қозғалды. Әрине, екі жақсы ынтымақтастық мәселелері де соның ішінде, Елбасы сапарлары нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру кешенді түрде талқыланды.
792 рет
көрсетілді0
пікір






