Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Сәуір, 2017

Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғыру туралы мақаласын талқылау-лекциясын өткізді

2017 жылдың 25 сәуірінде Сингапурда Раджаратнама Наньян технологиялық университетінің Халықаралық зерттеулер мектебінде (RSIS) Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Үсен Сүйлейменнің RSIS магистрлері мен докторанттарына және академиялық топтар өкілдеріне арналған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі ережелері, сондай-ақ Қазақстандағы конституциялық реформалар мен Үшінші жаңғырудың басымдықтары туралы лекциясы өтті.

Ү. Сүлеймен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылында ауқымды қажырлы жұмыс жасалғанын, соның арқасында ел әлемнің 50 дамыған елінің қатарына қосылғанын атап өтті. Ол аудиторияға «Қазақстан 2050» Стратегиясының негізгі аспектілері, сондай-ақ елдің әлімнің 30 дамыған елінің қатарына қосылуын көздейтін жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар және Қазақстанның Үшінші жаңғыруы туралы мәлімет берді. Қазақстан Президентінің бағдарламалық мақаласына сәйкес аталған «ауқымды өзгерістер озық рухани жаңғырумен сүйемелденуі тиіс. Оған қоса, ең маңыздысы рухани жаңғыру саяси және экономикалық жаңғыруды толықтырып қанай қоймай, оның өзегі болмақ».

Елші Президент Н. Назарбаевтың аталған мақалада таяу жылдарға ұсынған күн тәртібі қазақ тілінің латын қаріпіне 2025 жылға қарай ауысуы, гуманитарлық ғылымдар бойынша әлемнің 100 ең үздік оқулықтарын қазақ тіліне аудару, Қазақстанның ел ішіндегі ұлттық киелі жерлерін және заманауи қазақстандық мәдениетті жаһандық ауқымда алға жылжыту бойынша жоспарларды әзірлеуден тұратынын айтты. Басқа жобалар әрбір азаматтың туған жерге деген ұқыптылығын, құрметін ынталандыру, және 25 жылда Қазақстанның жетістіктеріне өз үлестерін қосқан тұлғаларды мойындап, танып-білуге бағдарланған. Жаңғырту міндеттері білім алуды қазақстандық жастардың басты басымдықтарының біріне айналдырып, компьютерлік сауаттылықпен қамтамасыз ету, шет тілдерін білу және қазақстандықтардың мәдени ашық болуынан тұратын болады.

С. Раджаратнама атындағы халықаралық зерттеулер мектебі – қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардың проблематикасы бойынша әлемдік жетекші орталықтардың қатарындағы «ақылдылар орталығы».

 
 Ақпарат  көзі:primeminister.kz
 

805 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз