Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Сәуір, 2017

Кәсіпкерлер үшін электр энергиясын арзандатудың құқықтық тетіктері енгізіледі - Нығматулин

Кәсіпкерлер үшін электр энергиясын арзандатудың құқықтық тетіктері енгізіледі.

Бұл туралы бүгін  "Нұр Отан" партиясы фракциясының отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлім етті, деп xабарлайды  ҚазАқпарат  тілшісіне сілтеме  жасаған  Kazgazeta.kz.

"Электр энергиясы туралы заң жобасын жасақтау барысында "Атамекен" ҰКП-мен тығыз қарым-қатынас жасадық. Қазір ол заң жобасы қолымызда және екінші оқылымда талқыланатын болады. Салалық Комитетпен талқылау барысында біз көптеген проблемалардың шешімін беретін құқықтық тетік ойлап таптық. Ол - энергия тасымалдағыш компанияларды ірілендіру. Осылайша, электр энергиясының құны кәсіпкерлер үшін де, xалық үшін де арзандай түседі", - деді Н. Нығматулин. Спикердің атап өткеніндей, электр энергиясына кететін шығындар бизнестің ең салмақты шығындарының бірі. Фракция отырысының жұмысына "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қатысуда.

706 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз