Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Сәуір, 2017

Астана тұрғындарының жұмыс уақыты өзгереді

Астана әкімдігі таңертеңгі уақытта қала жолдарында ұзын-сонар кептелісті болдырмас үшін жұмыстың басталу кестесін өзгерту бойынша жоспар әзірлеп жатыр. Бұл туралы бүгін Сенатта өткен үкімет сағатында елорда әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме  жасаған Kazgazeta.kz.

 “Біз қазір бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Шамамен 2-3 апта ішінде тұрғындардың барлық санаты үшін жұмыстың басталу уақытын өзгертуге қатысты шешім қабылдаймыз. Яғни, жолдағы кептелісті азайтуға тырысамыз, сағат таңғы 8-9-да бүкіл қала біруақытта жұмысқа шықпас үшін уақытты өзгертпекпіз”-деді әкім орынбасары.

Естеріңізде болса, мұндай мәселе бір жылдан бері айтылып келеді. 2015 жылы Астанадағы кептілісті азайту үшін "Астана ЛРТ" ЖШС басшысы да осындай ұсыныс айтқан болатын.

1061 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз