Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Сәуір, 2017

ҚР СІМ басшысы АҚШ мемлекеттік хатшысымен кездесті

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы әріптестікті дамытудың жай-күйін талқылап, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Долнальд Трамп телефон арқылы талқылаған сауда-экономика саласын жетілдіру мәселесін тілге тиек етті.

 Қайрат Әбдірахманов өзара алыс-берісті арттырып, Ақ үй әкімшілігімен тығыз байланыс орнатуға ниетті екенін жеткізді. Өз кезегінде Құрама штаттардың мемлекеттік хатшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан бас тарту туралы тарихи шешімін көрегендікке балап, Қазақстанның халықаралық қауымдастықта абыройы арта түскенін және елде саяси әрі экономикалық тұрақтылық нығайып, ірі инвесторлар тартуға сеп болғанын атап өтті. Сирия мен Ауғанстандағы ахуал Корей түбегіндегі түйткілдер де сөз болды. Қайрат Әбдірахманов еліміздің әлемдік және аймақтық мәселелерді шешуге атсалысуға әркез дайын екенін айтты.

Сонымен қатар министр Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерришпен де кездесті. Гутерриш Астана процесінің Сириядағы шиеленісті реттеуге сүбелі үлес қосып отырғанын оң бағалады.

Сондай-ақ өзінің Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті мен Астанада өтетін «EXPO-2017» көрмесінің ашылу салтанатына қатысатынын жеткізді.

Хабар 24

657 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз