Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Мамыр, 2017

Бір атаның баласындай ұйысқан еліміз үшін бұл мерекенің маңызы зор – Д.Абаев

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жұртшылықты Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме  жасаған  Kazgazeta.kz.

 Әлеуметтік желіде жариялаған құттықтауында министр бұл мерекенің Қазақстан халқы үшін маңызы зор екеніне тоқталды.

«Барша халқы бір атаның баласындай ұйысып, ынтымағы ырысқа ұласқан еліміз үшін бұл мерекенің қашанда маңызы зор, мәні терең. Елімізде орнаған бірлік пен татулық, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық - бүгінге дейін қол жеткізген барлық жетістіктеріміздің алтын арқауы. Осынау мерекеде баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін Бірлігіміз нығая берсін, еліміздің іргесі берік болсын!», - деді өз құттықтауында Д.Абаев.

754 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз